Жарияланған күні: 09.06.2020 11:34
Өзгертілген күні: 09.06.2020 11:37

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы
№ 190 Жарлығына сәйкес 2020 жылғы 12 маусымда сағат 15:00-де ҚР Қаржы министрі Е.К. Жамаубаевтың халық алдындағы есеп беру кездесуі онлайн режимде өтетіндігін хабарлайды.
Аталған кездесу Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ алаңында Facebook, Youtube ашық парақшалары арқылы Министрліктің ресми беттерінде тікелей эфирде жүргізіледі және оған төмендегі сілтемелер арқылы қосылуға болады:
https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz (ОКҚ парақшалары), https://www.facebook.com/minfingovkz (Министрліктің парақшасы).