Жарияланған күні: 09.03.2021 16:50
Өзгертілген күні: 09.03.2021 16:52

Осы мерекені қарсы ала отырып, әйелді сүю-оның сұлулығы мен мейірімділігіне таңдану ғана емес, ең алдымен әйел -ана мен жұмысшы екенін ұмытпайық,

Сондай-ақ, қаржы органдардың қалыптасуының бастауында тұрғандарды, мекеменің қалыптасуының қиын жылдарында мемлекет үшін сенімді тірек болған алғашқы ізашар ардагерлерді ұмытуға болмайды.

Олардың іске адалдығы, еңбекқорлығы, күш - жігері-бүгінде үлгі бола алады.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстың мемлекеттік кірістер органдарының ардагер әйелдерін құттықтап, оларға тәуелсіз Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегі үшін алғыс айтып, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті.

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлеріне үлкен алғысымызды білдіреміз - дейді тыл еңбеккері, салық қызметінің ардагері Антонина Николаевна Антонова - ардагерлерге сындай қарым – қатынаспен олар әрқашан еңбек жолында табысқа жете алады, Қазақстанға бейбіт аспан, Елімізге игілік пен өркендеуді тілейміз.