Жарияланған күні: 11.05.2024 12:50
Өзгертілген күні: 11.05.2024 12:52

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Көкшетау қаласында жалпықалалық сенбілік өтті. Бұл күні аумақты тазалауға еңбек ұжымдары мен қала тұрғындары шықты.

 Бұл акцияны Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қолдап, мекемеге бекітілген аумақты тазартты. Сонымен қатар, ағаштарды ақтау, сырлау, қорғандарын ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

 Сенбіліктің басты мақсаты -  тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.