Жарияланған күні: 03.10.2017 12:03
Өзгертілген күні: 03.10.2017 12:04

Көкшетау қаласында жалпы қалалық сенбілік өткізілді Бүгінгі күні қалада белсенді жастар, еңбек ұжымдары және қала маңындағы қалалардың тұрғындары тұрған.

 Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаментінің қызметкерлері басқа да мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері сияқты аумақты тазарту бойынша жыл сайынғы дәстүрлі  жалпы қалалық сеңбілікке қатысты. Департаментке бекетілген аумақ тазартылып, жаңа ағаштар отырғызылып және түбтері ағартылды, қыс бойы жиналған қоқыс шығарылды.  Сонымен қатар Қопа өзенінің жағысы жиналған қоқыстан тазартылды.

Қалалық сенбіліктің басты мақсаты - қоғамды қалада тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелерімен  таныстыру болып табылады.

Қаланың көшелері мен аулаларды абаттандыруға  қаланың барлық тұрғындары және мекемелерінің мүмкіндіктері бар.