Жарияланған күні: 12.03.2020 12:04
Өзгертілген күні: 12.03.2020 12:13

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI ҚРЗ Кодексіне 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген өзгерістермен, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы мемлекеттік кірістер органдарымен қабылдауға қатысты камералдық бақылау мәселелерін реттейтін нормалар енгізілді. Сонымен, Салық кодексінің 01.01.2020 жылға дейін қолданылып жүрген нұсқасындағы 96-бапта хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына жазбаша шешім қабылдауға және оны салық төлеушіге жолдауға құқық беретін норма ғана қамтылған, сонымен қатар шешім қабылдау мезімі, оның нысаны, шағымданудың салдары мен тәртібі туралы мәселелер реттелемеген, бұл камералдық бақылау нәтижелері мен оның салдарларына қарсы болу мәселелерінде белгісіздік жағдайын туғызды.

         Салық кодексінің 96-бабының 4-тармағына толықтырулар енгізу арқылы жоғарыда аталған олқылықтар жойылды.
         Сонымен, 4-тармақтың қолданыстағы нұсқасына сәйкес хабарлама орындалмаған деп танылған жағдайда, салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша және мерзімдерде, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмады деп тану туралы шешiм шығарады және оны салық төлеушiге табыс етеді.

         Нысандары мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 30 сәуірдегі №411 бұйырғымен бекітілген, оған сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімді Салық кодексінің 96-бабының 2-тармағында көзделген мерзім аяқталған күннен бастап (5) бес жұмыс күнінен кешіктірмей, мемлекеттік кірістер органдары шығарады деп белгіленген.

      4-1 тармақпен шешімді жолдаған салық органына шағымның көшірмесін жолдай отырып, жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе табыс етілген (алынған) күннен бастап сотқа бес жұмыс күні ішінде хабарламаны орындалмаған деп тану туралы салық төлеушінің (салық агентінің) шағым жасау құқығы қарастырылған.                    Шағым беру мерзімінің тығыздығын ескере отырып, мерзім дәлелді себеппен өткізіп алынған жағдайда,4-2 тармақпен өткізілген мерзімді қалпына келтіру тәртібі мен шарттары көзделген.                                        

   Сонымен бірге, хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағымды берудің құқықтық салдары қарастырылған.     Атап айтқанда, қолданысқа енгізілген Салық кодексінің 96-бабы 4-3 тармағына сәйкес, салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру шешіміне шағым берген кезде:   жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган шағымды қабылдаған күннен бастап жоғары тұрған салық органының және (немесе) уәкілетті органның жазбаша шешімі шығарылғанға дейін;                     - сот шағымды (арызды) іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін жүзеге асырылмайды.                                           

   Камералдық бақылау нәтижелері және оларды жолдау жөніндегі әрекеттігі (әрекетсіздігі) бойынша салық органдарымен анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдану тәртібі мен мерзімдері өзгеріссіз қалды.