Жарияланған күні: 06.09.2017 12:08
Өзгертілген күні: 06.09.2017 12:34

Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басты бағыттарының бірі салық және басқада міндетті төлемдер түсімдерін ұлғайту болып табылады.

Осыған орай Ақмола облысы әкімі бекіткен Жоспарының негізінде,көлік құралдарына салық төлеуден жалтарған борышкерлерді анықтау бойынша Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Ақмола облысының Әділет департаменті және Ақмола облысы бойынша әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері біріккен рейдтік іс – шаралар жүргізуде.

Шара барысында қала көшелерінде «Ураган» жүйесімен қамтылған жергілікті полиция қызметінің автокөліктері қойылды. Бұл жүйе жүріп өткен көліктердің нөмірлерін есепке алып, деректер базасынан тексеріске алады. 

 Статистика деректеріне сәйкес, ағымдағы жылда 85 автокөлік құралдарының жүргізушілері бойынша 1 млн420 мың. тенге берешектері  анықталды, оның850 мың. тенгесі бюджетке өңдіріп алынды.

         Салық төлеушілердің назарына көлік құралдарына төленетін салық бойынша өткен жылдардағы міндеттемелерді  уақытында және толық көлемде орындау керектігін және ағымдағы жылдың  көлік құралдарына салықты 31 желтоқсаннан кешіктірмей төленуі тиіс екенің жеткізеді.

         Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшысы  Алмас Жакуповтың айтуынша – «Борышкерлерге қатысты Заңнамаға сәйкес мәжбүрлеп өңдіріп алу шаралары қолданылатын болады, олардың  бірі Қазақстан Республикасы  аумағынан шығуға шектеу салу».

         Дәл осындай шаралар Ақмола облысының бүкіл аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларымен жүргізілуде.