Жарияланған күні: 15.11.2022 19:15
Өзгертілген күні: 15.11.2022 19:16

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері ведомстволық мерекені жақсы көрсеткіштермен қарсы алды.

Ағымдағы жылдың 10 айы қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің жоспары 105,4% - ға орындалды, бюджетке 261,6 млрд.теңге түсті.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 54,2 миллиард теңгеге артық.

Мұның барлығы мемлекеттік кірістер департаменті мамандарының еселі еңбегінің нәтижесі.

Кәсіби мереке қарсаңында бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградалармен және Алғыс хаттарымен марапатталды.
«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен МКД Ұйымдастыру-қаржы бөлімінің басшысы Тоты Сарсикеева және Бурабай ауданы бойынша МКБ  басшысы Евгений Михалкин марапатталды.
 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрмет грамотасына
МКД талдау және тәуекелдер бөлімінің бас маманы Жанна Антаева және жанама салықтарды және ҚҚС-ты әкімшілендіру басқармасының бас маманы Гауһар Даулбаева ие болды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Алғыс хатымен  Берешектермен жұмыс басқармасы бөлімінің басшысы Тобыл Демесинов және «Көкшетау - КРО» кеден бекетінің бас маманы Ирина Субботина марапатталды.
Ақмола облысы бойынша МКД басшының Алғыс хатына «Көкшетау - КРО» кеден бекетінің бас маманы Темірлан Қазезов, мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы Татьяна Колесникова, Берешектермен жұмыс басқармасының бас маманы Ақмарал Мейірманова, жанама салықтарды және ҚҚС-ты әкімшілендіру басқармасының бас маманы Лаура Жапарова және камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Алина Терентьева ие болды. 

Мереке құтты болсын!