Жарияланған күні: 11.07.2016 18:24
Өзгертілген күні: 11.07.2016 18:25

Мемлекеттік кірістер органдары  еліміздін экономикалық қауіпсіздігін қамтуда манызды орын алады. Біздің мемлекет экономикасының өркендеуі, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, мемлекеттік бюджеттің салық пен кеден түсімдерінің тиімді түсуі, халықтың құқық білімі мен салық мәдениетің ұлғайту – осынын бәрі мемлекеттік кірістер органдарынын  қызметкерлерінің іждағатты жұмысы.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жұмысындағы басымдылық бағыттарының бірі ол жоспар көрсеткіштерін орындау және мемлекеттік бюджет түсімдерін көбейту. Кеден және салық түсімдерінен түсетін табыс азаматтардың алдындағы әлеуметтік борыштары орындалады.

    2016 жылғы 1 жарты жылдығының қортындысы бойынша  мемлекеттік бюджеттің жоспары 116,1% орындалды, жоспар 45 млрд. теңгені құрап, нақты 52  млрд. теңге түсті. Соның ішінде республикалық бюджет 122,9% орындалып, жергілікті бюджет 110,4% орындалды.

Өткен жылмен салыстырғанда  мемлекеттік бюджетке 13 млрд. 577 млн. теңгеге арта түсті, немесе 134,9%. Республикалық бюджеттің түсімінің өсу қарқыны 162,9% құрап (9 млрд. 754 млн. теңгеге), жергілікті бюджеттің түсімінің өсу қарқыны 116,3% құрады (3 млрд. 826 млн. теңгеге).

Салықтар мен төлемдерді әкімшілендіру жұмыстарын атқару негізінде мемлекеттік бюджетке қосымша 4 млрд. 5 млн. теңге алынды (соның республикалық бюджетке – 2 млрд. 975 млн. теңге, жергілікті бюджетке – 1 млрд. 30 млн. теңге).

Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Аслан Әбдрахманов