
2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында ЕАЭО-қа мүше мемлекеттердің басшылары "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарларды қадағалау тетігі туралы"келісімге қол қойды.
Оның негізгі мақсаттары - тауарлар айналымын тиімді бақылауды қамтамасыз ету, заңсыз айналымды анықтау, салық төлеуден жалтару үшін жағдайларды болдырмау, салықтар мен кедендік төлемдердің бюджетке түсуін ұлғайту болып табылады.
Бұл үшін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде өзінің қадағалау жүйесі құрылады, сондай - ақ салық төлеушілердің осы жүйеде өзінің ілеспе құжаттарын ресімдеуін бақылау қамтамасыз етіледі. Мұндай құжаттарды ресімдемей, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тауарларды өткізуге тыйым салынады.
Тауарды жүйеге енгізу декларация берілгенге дейін тауарларға арналған декларацияның немесе тауарларды шығару туралы өтініштің мәліметтерін салыстыру жолымен жүзеге асырылуы тиіс және кейіннен тауарлардың айналымы ілеспе жүкқұжат бойынша қадағаланатын болады.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бақылауға жататын тауарларды ұлттық жүйелерде мәліметтерсіз өткізуге жол берілмейді. Ақпараттық жүйелердің жұмысында техникалық ақаулар немесе телекоммуникация құралдарының жұмысында бұзылулар болған жағдайларда ғана жол беріледі.Сондай - ақ, осы келісім шеңберінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасында бақылау бойынша ақпарат алмасу жүргізілетін болады.Айта кететін жағдай, Сенат "Аталған келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасын қабылдады.