
Қазақстан Республикасы құрылыс пен ескерткіштерге арналған гранит импортын уақытша тоқтатты.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 2
қыркүйектегі № 342 тиісті бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден тас өнімдерінің жекелеген түрлерін (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы коды 6801000000 - тас төсегіштер, жиектемелі -табиғи тастан төсеуге арналған тастар мен плиталар (тақтатастан басқа),
6802230000 -ескерткіштер немесе құрылысқа гранит және олардан жасалған, кесілген немесе жанап кесілген, беті тегіс бұйымдар үшін,
6802931000 - гранит жылтыратылған әшекейленген
немесе таза салмағы 10 кг немесе одан астам, оюланғаннан басқа, өзге де өңдеуден өткен,
6802939000 - ескерткіштер немесе құрылысқа арналған гранит) көліктің барлық түрлерімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізіледі.
Бұл шаралар ішкі нарықты қорғауға және отандық құрылыс материалдарын өндірушілерді қолдауға бағытталған.




























