
2020 жылы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі «Мемлекеттік кірістер органына есеп жүргізу мен есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы» № 374 бұйрық қабылдады.
Осы бұйрықтың негізінде келесі есептер үшін есептілік нысандары бекітілді:
- сақтаудағы тауарлардың және (немесе) көлік құралдарының есебі;
- кеден операциялары туралы есеп;
- бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен тауарлар және оларды сату туралы есеп;
- еркін қойманың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлармен, сондай-ақ осындай тауарлардан дайындалған (алынған) тауарлармен жүргізілген операциялар туралы есеп;
- шетелдік тауарларды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифімен белгіленген кедендік әкелу баждарының неғұрлым төмен ставкалары қолданылатын тауарларды пайдалану жөніндегі есеп;
- кедендік транзит кедендік рәсімімен тауарларды тасымалдауға жарамды көлік құралдары туралы есеп.
Сонымен қатар, оларды ұсыну ережелері мен мерзімдері, ұсыну тәсілдері, электронды құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібі бекітілді.