
Кедендік алымдардың түрлері
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 76,77 баптары бойынша - Кедендік алымдар тауарларды шығаруға, көлік құралдарын кедендік алып жүруге байланысты кедендік операцияларды, сондай-ақ осы Кодексте және (немесе) мүше мемлекеттердің кедендік реттеу туралы заңнамасында белгіленген өзге де іс-қимылдар жасағаны үшін кеден органдары өндіріп алатын міндетті төлемдер болып табылады. Кедендік алымдарға: 1) тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар; 2) кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар. Бірнеше автомобиль көлік құралымен өткізілетін тауарларды кедендік алып жүру кезінде кедендік алым сомасы көрсетілген көлік құралдарының санына барабар бөлінеді. 3) алдын ала жасалған шешім үшін төленетін ақы жатады. Кедендік алымдардың түрлері мен мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленеді.