Жарияланған күні: 25.01.2019 18:37
Өзгертілген күні: 25.01.2019 18:38

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің   тәуекелдер бөлімінің басшысы Гүлжан Мырзабекова кәсіптік техникалық оқу шеңберінде Департамент қызметкерлеріне Мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесінің қолдануы туралы баяндады.

Мемлекеттік кірістер органдарының әзерленген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы мен тактикасы жеткізілді.

Мемлекеттік кірістер органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін қолданудың стратегиясы мынадай негізгі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

-                 Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасын әлеуетті мүмкін болатын бұзушылықтың жоғары ықтималдылығымен тәуекел саласын айқындау;

      - тәуекелді барынша азайту бойынша тиісті шараларды әзірлеу және енгізу;

      - кедендік бақылау объектілерінің, кедендік бақылау нысандарының тиімді таңдалуын қамтамасыз ету;

-                мемлекеттік кірістер органдары ресурстарының тиімді пайдалануын қамтамасыз ету және тәуекелдің жоғары деңгейі бар салаларға назар аудару;

      - тәуекелдерді барынша азайту шараларын қолдану қажеттілігі анықталмаған тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілуін тездету мен оңайлату үшін жағдай жасау.

Тәуекелдерді азайту жөніндегі шараларды дифференциалды қолдану мақсатында сыртқыэкономикалық қызметінің қатысушылары  төмен, орташа және жоғары тәуекелді санаттарға бөлінген.
Ол үшін салық, кедендік және басқа мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерден алынған ақпарат пайдаланылады.
АСТАНА-1 ақпараттық барысындағы декларацияны тіркегеннен кейін автоматты түрде белгіленген тәуекелдік көрсеткіштер бойынша тәуекелді бағалау жүзеге асырылады.
Анықталған тәуекелдерге және тәуекелдерді азайту шараларына байланысты
жүйе декларацияны 4 дәліздің біріне жібереді:
-                       жасыл дәлізге  тәуекел профильдері белсенділік көрсетпеген тауар декларациялары жіберіледі және мұндай  декларациялар автоматты түрде жүйе арқылы рәсімделеді
-                       сары дәлізге  құжаттамалық бақылау жүргізу үшін декларациялар жіберіледі
 
-                       көк дәлізге тауарларды шығарғаннан кейін кедендік бақылау  жүргізілетін  декларациялар  жіберіледі
-                       қызыл дәлізге физикалық түрде жүргізілетін кедендік бақылау  қажет  (мысалы кедендік тексеру, кедендік сараптаманы)