Жарияланған күні: 20.10.2017 18:09
Өзгертілген күні: 20.10.2017 18:10

Алдын ала сынамалар өткізуінің оң нәтижелеріне байланысты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының Бұйрығына сәйкес 2017 жылғы 1 қазаннан бастап «Кедендік транзит» Кеден және салық әкімшілендіруінің автоматтандырылған жүйесінің интеграцияланған кедендік компоненті» сынама пайдалануға енгізілді. Осылай өткізу пунктерінде кедендік және мемлекеттік бақылаудың өзге түрлерін жүзеге асыруымен, алдан ала ақпараттандырумен, кедендік транзит кедендік рәсімге тауарларды жатқызуымен және тауарларды уақытша сақтауға орналастырумен байланысты барлық операциялар мемлекеттік кірістер органдары «АСТАНА-1» АЖ жүзеге асыра бастады.

Жаңа ақпараттық жүйені енгізуі транзитпен байланысты кедендік операцияларды өткізуге уақтты қысқартуға мүмкіндік береді, шекарада кедендік ресімдерге бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді, ол тиісінше мемлекеттін транзиттік әлеуетін ұлғайтады.

«АСТАНА-1» АЖ «Кедендік транзит» жүйесін пайдалану бойынша сұрақтар туындаған уақытында Ақмола облысы бойынша МКД «Көкшетау КРО» кеден бекетіне немесе 8(7162)72-17-18 телефоны арқылы жүгінуіңізді сұраймыз.