
Көкшетауда бухгалтерлер клубының кезекті отырысы өтті. Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы қасында құрылған жаңа құрылым салықтөлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары арасында қазіргі танда әйгілі және танымал болды. Клубтың аланында бақылау органдары мен бизнес-ортасы арасында конструктивтік диалог өтеді. Клубтың негізгі мақсаты салық заңнамасының өзекті және проблемалық мәселелерін түсіндіру арқылы бухгалтерлерді кәсіби арттыру болып табылады. Бұл отырысында кедендік рәсімдеу ерекшеліктері, қосылған құн салығын қайтару, кедендік одағы елдерінен импорттау және басқада мәселелері талқыланды. Көптеп түскен сұрақтарға, Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері толық жауап берді.