
Құрбан – айт жарқын мерекесінде құқық қорғау органдарына сенімді артыру айлығының қарсанындағы Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ашық есік күні өтті. Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін салық – және кеден саласындағы жаналықтары, экономикалық тергеу қызметіндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі нәтижелер қорытындыларымен таныстырып өтті.
Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Жанбек Шампиков сыбайлас жемқорлықтын алдын алу шараларын атап өтті. Ішкі қауіпсіздік және адам ресурстары басқармаларымен жемқорлық тәуекелдер талдауы жүргізіліп отырады, нәтижесіндегі тәуекел қатарына түскен лауазымды тұлғалар лауазымынан төмендетіліп, мемлекеттік кірістер органдарының қатарынан босатылады. Айыта кетсек, 9 қызметкерлер лауазымдарынан төмендетіліп, 5 қызметкерлер жұмыстарынан босатылды.
Әрдайым түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңнамасын түсіндіру жүргізіліп отырады. Баяндамашы, Департамент өз қатардағы сыбайлас жемқорлықты тазарту үшін аумақтық сыбайлас жемқорлық қызметімен тығыз байланыстағы жұмыстарын жүргізетініне аса зейін қойды.
Мысалға, қыркүйек айынын басында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл ұлттық бюро Департаменті Ақмола облысының ішкі қауіпсіздік басқармасымен біріге отырып ҚР ҚК 366 б. 2 т. бойынша Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары М. Жүсіпов салық кодексінің бұзушылықтары фактісі бойынша әкімшілік жазалар қолданбау үшін «МультиСофт» ЖШС – нің директоры М. Рыбинцовадан 300 000 мың теңге пара алу кезінде ұсталды. «МультиСофт» ЖШС – нің директоры М. Рыбинцоваға қарсы пара беру фактісі бойынша ҚР ҚК 367 б. 2 т. бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан орын алған барлық сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша ішкі қауіпсіздік басқармасына жүгінулерінізді сұраймыз» - деп Жанбек Шампиков еске салды.
Одан әрі профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қоныс Жумагулов ағымдағы жылдын 8 айы бойынша «көлеңкелі» экономика және қылмыстар бойынша 297 қылмыс анықталды. Зиян болған сома – 2 млрд. 861 млн. теңге, анықталған зиян сомасынан орнын толтыру 48,4 %.
Өңдірісте 543 іс болды, 253 бойынша бітті, сотқа жіберілгені 53 іс.
Анықталмаған немесе жалған маркалы алкоголдік өнімдерді анықтау, сондай ақ заңсыз алкогольдік өңімдерді өткізуді анықтау мақсатында журналистер назарына Wipon бағдарламалық жүйесі назарларына ұсынылды. Сонымен қатар мүлікті және ақшалай қаражаттарды жария ету туралы «Карсак XXI век» студиясымен ынтымақтасып түсірген бейне ролигі көрсетілді. Одан әрі кедеңдік блоғының қызметкерлері «Көкшетау- кедеңдік ресімдеу орталығы» кеден бекетінің жұмысымен таңыстырып, сонында есірткі және қару – жарақтарды анықтау бойынша кинологтерінің қызметі көрсетілді.