
Ақмола облысының кәсіпкерлік Палатасының мәжіліс залында, бухгалтерлік есеп, салық салу және қаржылық есептілік саласындағы бухгалтерлердің біліктілігін даярлау және жақсартуға ықпал үшін құрылған бухгалтерлер Клубында бірінші кездесуі өтті.
Клубтың негізгі мақсаты салық заңнамасының өзекті және проблемалық мәселелерді түсіндіру арқылы бухгалтерлерді кәсіби арттыру болып табылады – дейді аймактық кәсіпкерлік Палатасының директоры Еркебұлан Баяхметов.
Клубтың жұмысына Ақмола облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де белсенді қатысты.
Түсіндіру жұмысы басқарамасының басшысы Шынар Мусина келесі жылдан бастап күшіне енетін Салық кодекстеріне өзгерістерімен таныстырды.
Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен өтіп жатқан «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясы және мүлікті және қаржы құралдарын жария ету акциялары туралы мемлекеттік қызметтер басқарамасының басшысы Назгүл Аюпова баяндады.
Көптеген түскен сұрақтарға, Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен толық жауап берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша осындай кездесулерді тұрақты түрде үрдіске айналдыру шешім қабылданды.