
Көкшетауда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) жаңа өзгерістері бойынша республикалық науқан өткізілді.
Науқан «Адалдық алаңы» ұранымен Қаржы министрлігі қызыметінің қол жетімділігі мен ашықтықтығын насихаттау мақсатымен, «Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жұмысы шеңберінде халықтан келіп түсетін ұсыныстар мен сұрақтарға уақытылы жауап беру үшін өткізілді.
Шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық төлеушілерден түскен сұрақтарға, олардың ішінде микро - және шағын бизнесті үш жылға салықтардан босату, онлайн бақылау-касса машиналарын қолдану, патент бойынша арнайы салық режим қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың басқа салық режимдеріне көшу, бірыңғай жер салығы бойынша өзгерістер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, жалпыға бірдей декларациялау мәселелері және тағы басқаларға толық жауаптар берілді.