
Халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету және олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Көкшетау қаласының ең ірі «РИО» сауда-ойын-сауық орталығында «Ашық қызмет» акциясы өткізілді.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің заң басқармасының басшысы Болат Әбетов «Ашық қызмет» акциясы қатысты. Шара барысында ол келесі сауалдарға - көлік пен жер участкілер салығы, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша, мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеушілерді тіркеу және басқа да жалпы сұрақтарына жауап берді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен Көкшетау қаласы әкімі аппаратының қолдауымен ұйымдастырылды.
Халыққа жоғары білікті тегін заңгерлік көмек көрсету үшін шамамен 30 шақты уәкілетті мемлекеттік органдардың, прокуратураның, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, әділет органының, салық қызметінің, көші-қон және әкімшілік полиция қызметінің қызметкерлері және т. б. тартылды.
Департамент басшысы Мұрат Төлеубаев ұйымдастырылып отырған шараның маңыздылығын атап өтті.
«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «еститін мемлекет» тұжырымдамасына көшу қажеттігін әділ атап өтті. Бұны азаматтардың сұраныстарын шұғыл қанағаттандыру деп білемін. Бүгінгі таңда біздің алдымызда үлкен міндет тұр – ол азаматтардың тиісті ақпаратқа қол жеткізуі үшін, олардың мәселелері мен проблемаларын шешуде дұрыс бағыт беру үшін күш-жігеріді аямау» - деп Мұрат Төлеубаев атап өтті. Оның айтуынша, бұл акция бір реттік іс-шара емес. Осындай іс-шаралардан басқа тікелей эфирлер, азаматтарды қабылдау, халықпен кездесулер өткізіліп, олардың барысында барлық азаматтарға консультациялық кеңес беріледі.
Акция барысында облыс тұрғындары түрлі сауалдар мен проблемалармен жүгінді.
Акция өткізілгенге дейін ұйымдастырушылармен БАҚ-та кең ауқымды жұмыс жүргізілді, ол азаматтардың заңгерлік көмек алу мүмкіндігі туралы хабардар болуын қамтамасыз етті.