Жарияланған күні: 22.05.2020 16:26
Өзгертілген күні: 22.05.2020 16:27

Елімізде Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты 26 наурыздан бастап Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылып, Қазақстанның азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жеке басты куәландыратын құжаттарды (жеке куәліктерді мен паспорттарды, шетелдіктің ҚР тұруға ықтиярхаттарды, азаматтығы жоқ жеке куәліктерді) уақтылы қайта ресімдей алмады.

Осыған байланысты, төтенше жағдай кезеңіндесондай-ақ ол аяқталған күнінен бастап күнтізбелік 60 күн ішінде жарамдылық мерзімі өткен немесе мерзімі өтетін жеке басты куәландыратын құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылады.

Осылайша, «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Заңның 6-бабында айқындалған жеке басты куәландыратын құжаттардың жарамдылық мерзімі ағымдағы жылғы 11 шілдеге дейін ұзартылды.

Азаматтар мемлекеттік органдарға және басқа ұйымдардан қызмет алу үшін қолданылу мерзімі өткен құжаттар бойынша (жаңа құжаттарды алғанға дейін) жүгіне алады.