
Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты (тіркелген) жері және автокөлік құралының иесінің ЖСН бойынша жүргізеді.
Көлік құралы салығын есептеуді салық төлеушілер өз бетінше мынадай сервистерге өтіп: "Электрондық сервистер" - "Калькулятор" - "Көлік салығын есептеу" деген парақшалардан немесе https://kgd.gov.kz/ru/calc/transports деген тікелей сілтеме бойынша өтіп, https://www.kgd.gov.kz порталын пайдаланумен жүргізуі мүмкін.
Сонымен қатар электрондық-цифрлық қолтаңбаны авторландыру және қол қою қажеттілігінсіз eGov.kz порталында «Салықтар және қаржылар» - «Салық салу» - «Салықтарды және бюджетке төлнетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу» және «Онлайн ресімдеу» батырманы басып, қызметке тапсырыс беруге болады. Салықтөлеушінің ЖСН/БСН, мемлекеттік кірістер органының атауын, төлем сомасын, бюджеттік сыныптамасының кодын таңдағаннан кейін жүйе салықты төлеу бөліміне өтуді автоматты түрде ұсынады. Барлық процедура аяқталғаннан кейін төлем болғанын растайтын электронды чек беріледі.
Салықты екінші деңгейлі банктердің ұялы қосымшалары арқылы төлеуге болады.
Сондай-ақ, жылдың соңына дейін Қазақстандықтардың салықтық рақымшылықты пайдалануға мүмкіндіктері бар, оның жалғыз шарты қарыздың негізгі бөлігін өтегендердің өсімпұлы есептен алынады.
Көлік салығын төлеушілер қатарына жатпайды:
- салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар;
- салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша– меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
- салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар.
Жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін күн болып табылады.