
Азаматтардан өтініштердің көптеп түсуіне байланысты көлік құралдары салығын қалай оңай есептеуге болатынын еске салымыз.
Ол үшін Комитеттің www.kgd.gov.kz порталындағы Калькуляторды ашып, онда салық кезеңін, көлік құралының түрін және қозғалтқыш көлемін көрсетсе болды. Электронды сервис тиісті салықты өзі есептеп береді.
Калькулятор порталдың негізгі экранындағы «Электронды сервистер» бөлімінде орналасқандықтан, оны жылдам табуға болады.
Биылғы жылдан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, жеке тұлғалардың 2020 жылға арналған көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеу керек.
Осыған орай, өсімпұлдарды есептеу алгоритмі де қайта қаралған екен.