Жарияланған күні: 13.06.2016 15:50
Өзгертілген күні: 14.06.2016 14:41

  Құрметті салық төлеушілер!

     Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 645 бабынын 1 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қолма – қол ақша арқылы сауда операциялары, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысу міндетті түрде бақылау – касса машиналарын қолдану арқылы жүргізіледі  (бұдан әрі - БКМ).

      Салық Кодексінің 645 бабынын 1 тармағында көрсетілген сауда кезінде БКМ пайдалануға келесі жағдайлар жатпайды:

      1) жекеше нотариаттық қызметті немесе атқарушылық құжаттарды орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын адамдардан басқа, дара кәсіпкерлер ретінде міндетті мемлекеттік тіркелуге жатпайтын жеке тұлғалардың;
      2) қызметін:
      патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;
      ашық сауда базарларының аумағында шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;
      шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);
      3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қоғамдық қала көліктерінде тасымалдау бойынша халыққа қызмет көрсету бөлігіндегі;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды.

Тауар сатып алушыға БКМ чегін беру – салық Заңнамасынын міндетті нормасы екенін назарынызға саламыз.

Чекті бермеу шаруа субъектілерінін шынайы табыстарыннын төмендетуіне себеп болады, ал бұл өз кезегінде бюджетке салықтардын толыққанды түсуіне жағымсыз себептерін тигізеді.

     Салық органдары халықты тауар немесе қандай да бір қызмет түрлеріне қолма – қол ақшамен сауда жасау кезінде чекті талап етулерін шақырады.

    Чекті талап ете отырып, Сіз ең алдымен қызмет көрсету түрлері мен немесе тауар тұтынушы ретінде өз мүдделерінізді қорғай аласыз, себебі алынған чек сапасыз тауарды алған кездегі кепілі болып табылады.

   Салық Заңнама нормаларын бұзушылығына Қазақстан Республикасынын «Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы» Кодексінде көрсетілген әкімшілік жаза қарастырылған..

                                            

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер

                                                                                                                                                                                                           Департаментінің баспа – сөз қызметі