Жарияланған күні: 05.12.2019 18:43
Өзгертілген күні: 05.12.2019 18:45

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру шеңберінде  «Soft skills - Икемді дағдыларын дамыту» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Икемді дағдылар – бұл мансап үшін маңызды мамандандырылмаған кәсібиліктен жоғары дағдылар кешені.

Дәріскерлер ретінде «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясының»  облыстық филиалының өкілдері сөз сөйледі.

Шараның мақсаты қызметкерлерінің коммуникативтік және ынтымақтастық қабілетін дамыту.

Семинар соңында барлық тыңдаушыларға сертификаттар табыс етілді.