Жарияланған күні: 19.10.2022 15:08
Өзгертілген күні: 19.10.2022 15:09

Облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында «Сусындардың контрафактілік өнімдерін таратуға тыйым салу» тақырыбына кездесу өтті, оған Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және басқа бақылау органдарының қызметкерлері мен кәсіпкерлер қатысты.

Алкоголь  немесе темекі өнімдерін өндіру кезінде бұл тауарларға  акциздер мен  басқа да салықтар төленеді. Тұтынушылар санитарлық нормаларға сәйкес жасалған тауарды алады. 
Ал кез келген контрафактілік тауарлар қауіпті, сапасы төмен болғандықтан бағасы арзан болады және сондай тауралаға салық пен  басқа да баж салығы төленбейді. 

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті контрафактілік алкоголь өнімге қарсы жұмыс  жүргізілуде.

Ағымдағы жылда Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері  Ақмола облыстық Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп заңсыз айналымнан 33 мың литрден астам жалған этил  спирт тәркіленіп,  8 әкімшілік және 2 қылмыстық іс қозғалды.
Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Мемлекеттік кірістер департаменті заңсыз алкоголь өнімдерін сату және өндіру үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады және

егер контрафактілік өнімдерімен кездескен жағдайда –

 8 /7162/ - 72 11 81 және 25-62-84 тел. нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.