Жарияланған күні: 24.03.2017 18:25
Өзгертілген күні: 24.03.2017 18:26

Ақмола облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамын атап өтті.

Көптеген ұлттың өкілдері қызмет ететін департамент ұжымы жыл сайын Наурыз мейрамын салтанатты жағдайда атап өтуді берік дәстүрге айналдырған. Биылғы Наурыз мейрамына да еңбек ұжымы жақсы дайындықпен келгендігін көрсетті. Жиналған жұртшылықты облыс әкімінің бірінші орынбасары Дәурен Әділбеков және департамент басшысы Ерлан Хасенов құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Ізгі тілектер байқаумен жалғасты. Ең үздік ұлттық тағам, ұлттық дәстүр, ән мен би нөмірлері көпшіліктің назарына ұсынылды. Облыс әкімінің орынбасары жетекшілік еткен қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерлеріне баға берді. Үздіктер қатарынан аудит және түсіндіру жұмыстары, мемлекеттік қызмет, борышкерлермен жұмыс басқармалары көрінді. «Қонақжай дастархан», «Музыкалық шеберлік», «Ұлттық дәстүрлерді сақтау» сияқты номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, сый-сияпатқа ие болды. Мерекелік дастарханмен, ұлттық дәстүрмен және ән-бимен өрнектелген Наурыз мейрамы департамент ұжымы үшін есте қаларлықтай болып өтті.