Жарияланған күні: 11.10.2019 17:42
Өзгертілген күні: 11.10.2019 17:43

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметін қолма-қол ақшамен есептесу арқылы жүргізетін салық төлеушілер онлайн кассалық аппаратын қолданулары тиіс. Облыстағы кәсіпкерлердің 98 пайызы оны қазірдің өзінде пайдалануда. Салық  мамандары бұл ретте   жеңілдіктер мен артықшылықтар бар дейді.

Онлайн кассалық аппаратқа кезең бойынша  көшу 2015 жылдан басталды. Ал 2020 жылы – бұл үрдіс барлық салық салушыларға, оның ішінде патент бойынша жұмыс істейтіндер үшін міндетті болмақ. Облыстағы кәсіпкерлер белсенділік танытып, бүгінде 98 пайызы осындай құрылғы алған. Онлайн кассалық аппарат құны шамамен 60 мың теңге, - дейді мамандар. Бұл ақша белгіленген жеңілдік есебінен кәсіпкерге қайтарылады.

Аталған жеңілдік 2019 жылы онлайн кассалық аппарат алған барлық кәсіпкерлерге қолданылады. Жеңілдіктер  жеке-дара табыс салығын төмендету түрінде қарастырылады.  Бұл сома 60 мың теңге көлеміндегі  бір кассалық аппаратты сатып алуға арналған.

Салық органының  мамандары бүгінде онлайн кассалық аппараттың баламасы барын хабарлайды. NURKASSA.KZ, LIGHTKASSA. WEBKASSA. reKASSA мысалы, web-нұсқаларының сервисі мобильді қосымшалар бар.Оларды орнату және қолдану туралы толық ақпаратты интернеттен табуға болады. Салық төлеушілер кәсіпкерлік қызметіне пайдалану үшін лайықты кассаның моделін өз таңдауға құқылы. Қазақстан Республикасы аумағында пайдалануға рұқсат етілген Мемлекеттік бақылау кассалық машиналардың  реестрі kgd.gov.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында орналыстырылғаны туралы хабарлаймыз.

Онлайн аппараттан артықшылығы – үйден шықпай-ақ бизнесіңізді бақылай аласыз.  Барлық ақпарат онлайн түрде беріліп, сақталып отырады. Сондай-ақ онлайн чектің мазмұнына  қатысты белгіленген талаптар бар.

Чекте мынадай ақпараттар болуы керек: Салық төлеушінің есімі, сәйкестендіру нөмірі, аппараттың зауыт нөмірі, тіркелген нөмір, сатып алу қай уақыта және қашан орын алғандығын  көрсету, тауар құны, қазыналық белгі, аппарат қолданылған аймақ және  штрих код.

Салық  қызметінің мамандары бүгінде қызметін тоқтатқан барлық кәсіпкерлерге бизнесін және кассалық аппараттарын жабуға шақырады.

Бұл тақырып бойынша бейнесюжет https://kokshetautv.kz/kz/news/society/kesipkerler-kassalyk-apparattyn-onlain-turin-koldanulary-kazhet сілтемесі бойынша көре аласыз.