
Аталған шаралар ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы №141 «Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру бойынша салық саясатының мәселелері жөнiндегi шаралар туралы» Қаулысымен қарастырылған.
ҚҚС ставкасы төмендетілді. 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңге ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне қосылған тауарларды өткізу айналымдарын жасаған және олардың импорты кезінде ҚҚС мөлшерлемесі 8 % мөлшерінде белгіленді.
Акциздер бойынша шаралар. ҚР аумағында экспортқа өткізілетін бензин (авиациялықты қоспағанда), дизель отыны бойынша акцизделетін тауарларды өндірушілер 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге акциз төлеуден босатылды.
Мүлік салығы бойынша нөлдік ставкалар. 2020 жылға туризм, қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй қызметтері саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер мүлік салығынан босатылды.
Сондай-ақ, микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша қолдау шаралары қарастырылған:
- барлық салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеу мерзімі 2020 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылды;
- тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, салық және кеден берешегін, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу және мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету шараларын қолдану 2020 жылғы 1 маусымға дейін тоқтатылды;
- тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай кезеңінде (2020 жылғы 15 наурыздан бастап 2020 жылғы 15 сәуір аралығында) туындайтын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімдері 2020 жылғы 1 маусымға дейін ұзартылды;
- төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу мерзімдерінің өтуі тоқтатыла тұрды, бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру мерзіміне кірмейді.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі сілтемелерді пайдалануға кеңес береміз:
https://www.kgd.gov.kz
https://www.facebook.com/kgd.gov.kz
https://www.instagram.com/press_kyzmet_kgd
https://dialog.egov.kz/blogs/32783/welcome
Төтенше жағдай кезінде тұрғылықты жері бойынша немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының қызметтерін kgd.gov.kz веб-сайтында «Біз туралы»/ «Халықпен жұмыс»/ «Мемлекеттік кірістер органдарының байланыс орталықтарының телефондары» жолы бойынша, сондай-ақ https://kgd.gov.kz/sites/default/files/telefonnye_nomera_kc.docx сілтемесі бойынша тізімде көрсетілген телефон нөмірлері бойынша пайдалануға болады.
Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК байланыс орталығына хабарласа аласыз:
WhatsApp: +7 775 848 67 97
WhatsApp: +7 776 136 41 32
WhatsApp: +7 705 559 12 33
WhatsApp: +7 705 559 12 39
e-mail: Contact-center-kgd@mail.ru