
«Bereke bank» АҚ Көкшетау филиалының мәжіліс залында Іскер әйелдер қауымдастығының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының, Көкшетау қаласының мансап орталығы өкілдерінің, кәсіпкерлер, бухгалтерлер қатысуымен Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы өзгерістер бойынша семинар өтті.
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттің бөлім басшысы Шынар Мусина Қазақстан Республикасының салық заңнамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды, сонымен қатар шара барысында әлеуметтік кодекс мәселелері, бөлшек сауда салығы арнайы салық режимі, жалпыға бірдей декларациялау, мобильді аударымдар және басқа да өзекті тақырыптар қарастырылды.
Шара сұрақ-жауап форматында өтті және мемлекеттік кірістер органдарының «E-Salyq Azamat», «E-Salyq Business», «SalyqBot» цифрлық өнімдері туралы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.
Қойылған сұрақтардың барлығына сауатты жауаптар берілді.
Сондай-ақ бизнес өкілдеріне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы және кәсіпкерлермен ыңғайлы әрекеттесуді құру бойынша сауалнама жүргізілді, оның нәтижелері қызмет көрсету мен ақпараттандырудың жоғары деңгейін көрсетті.