Жарияланған күні: 26.02.2020 15:17
Өзгертілген күні: 26.02.2020 15:44

Кокшетауда кәсіпкерлер Палатасының бизнес-қоғамдастық алдында есебі өтті, мекеме басшысы 2019 жылы басым бағыттарды іске асыру туралы қорытындысы туралы айтып берді. Сонымен қатар,  шара барысында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Шынар Мусина 2020 жылы салық заңнамасына енгізілген өзгерістер бойынша мәлімдеме  ұсынды.Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының тапсырмасына  сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап микро және шағын бизнес субъектілері  үш жылға тексерістен босатылады. Демек, барлық тексерулер күшін жояды деп ойламау керек.

Алайда мораторий келесі жағдайда қолданылмайды:

жаппай халыққа қауіп туыңдырмауға байланысты тексерулерге,

кәсіпкердің  өз өтініші немесе шағымдар бойынша және тағы басқа жағдайларда.

Сонымен қатар тексеруге мораторийді тәуекелдерді жоғары санатқа жататын кәсіпкерлерде  қолданылмайды.

Екінші үлкен өзгеріс  бұл микро - және шағын бизнесті  салықтардан босату.

Бұл ретте, арнайы салық режімдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілер, оның ішінде бірыңғай жер салығы  төлеушілер:  корпоративтік табыс салығы,  әлеуметтік салығы,  және бірыңғай жер салығын  төлеуден босатылады.

  Сонымен қатар,  салықтық женілдіктер және әкімшілік жүктеменің азаюы іскерлік ахуалды жақсартуға және бизнесті дамуына жол береді деп  кәсіпкерлер сенім білдірді,