
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына Өндірістік емес төлемдер басқармасының бас маманы Асылхан Ибраевты шығарып салу рәсімі өтті.
20 жылдан астам Асылхан Ахметбекұлы салық жүйесінде қызметтік міндеттерін адал орындап отырып, әртүрлі жауапты лауазымдарда жұмыс атқарды.
Ол жұмысын Зеренді ауданы бойынша Салық комитетінің аудит бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады.
2007 жылдың қаңтарында Ақмола облысы бойынша Салық комитетіне ауыстырылды.
Бүгінгі күнге дейін өзінді білімді маман, адал қызметкер және мол тәжірибелі, жас мамандарға үлгі-өнеге, игі бастама көрсетіп келеді.
Спорттық іс-шараларға белсенді қатысты.
Адал еңбегі мен жоғары кәсіптілігі үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің және Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің құрмет мадақтамалармен және алғыс хаттарымен марапатталған.
Құрметті Асылхан Ахметбекұлы!
Сізді құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, отбасына құт-береке тілейміз!
Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер
департаментінің ұжымы