Жарияланған күні: 19.05.2020 17:37
Өзгертілген күні: 20.05.2020 06:22

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде құрмет демалысына жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы Хван Сергей Тяеновичты шығарып салу рәсімі өтті.

Сергей Тяенович қаржы және салық органдарында 30 жыл жұмыс атқарды. Жұмыс істеген уақытында өзін сауатты және білікті маман ретінде көрсетті.

Салық қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Құрметті Сергей Тяенович!

Сізді туған күніңізбен және құрмет демалысына шығуыңызбен құттықтаймыз!

Сізге тілейтініміз ашық - аспан, қажымас-қайрат,

әрқашан жүзіңізден күлкі кетпесін.

Деніңізге  саулық, отбасыңызға  амандық, бақыт пен береке тілейміз!

Ізгі ниетпен Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің ұжымы