Жарияланған күні: 03.07.2019 18:35
Өзгертілген күні: 04.07.2019 10:40

Құрметті Айдар Қайруллаұлы !

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Сізді, 63 жасқа толуыңыз бен құрметті демалысқа шығуыңызбен кұттықтайды!

  Сізді асқаралы 63 жасқа толған мерейлі мерекеңізбен құттықтаймыз!

  Салық саласының білікті маманы, тәжірибелі тәлімгер ретінде Сіздің абырой-беделіңіз жоғары. Шаруашылық жүргізу және басқаруда жинақтаған біліктілігіңіз Басқармасында еңбек еткен 29 жылдан жаңа бағытта жұмыс жасауға  арқау болды. Тиянақтылық, жоғары жауапкершілік сезімі өзіндік атқарушылық мәдениетін қалыптастырды.

  Ұжымның қоғамдық шараларына белсенді қатысу арқылы да өз азаматтық ұстанымыңызды байқатып жүрдіңіз.

   Құрметті Айдар Қайроллаұлы, қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Әріптестеріңіздің атынан Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық пен береке, алдағы уақытта күш-жігеріңіз толастамай, басты байлық  деніңіз әрдайым сау болып, ұзақ та мазмұнды өмір сүруіңізге тілектеспіз.