
Құрметті салық төлеушілер!
2018 жылдың 1 сәуірінен бастап «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің «Виртуалды қойма» модулі тәжірибелік пайдалануға енгізілді.
«Виртуалды қойма» модулімен жұмыс жасауды пайдаланушыларға үйрету вебинарлар форматында https://zoom.us тегін қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.
Вебинарларға қосылу үшін пайдаланушылар URL мекен-жайлар мен ID-нөмірлерге сәйкес сілтемені пайдаланулары тиіс.
«Виртуалды қойма» модулімен жұмыс жасау бойынша қатысушыларға арналған https://zoom.us қосымшасымен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық (жүктеу).
2018 жылдың 3 сәуірінде Астана уақыты бойынша сағат 11:00-де https://zoom.us/j/730207574/ URL мекен-жайы бойынша, вебинар ID: 730-207-574 келесі тақырыптар бойынша вебинар өткізіледі: қоймаларды жүктеу, формалар журналы, тауарлар бойынша декларациялар және 328,00 СЕФ жайлы ақпараттар, ЭШФ жасау.
«Виртуалды қойма» модулімен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық келесі сілтеме бойынша орналасқан: https://kgd.gov.kz/ru/content/testovyy-stend-esf-1.
Вебинарды өткізу нәтижесінде Комитет порталында вебинар жазбалары жарияланады.