Жарияланған күні: 27.10.2022 20:55
Өзгертілген күні: 27.10.2022 20:56

Қазақстан Республикасының аумағына өткізетін тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын әкімшілендірудіруін пилоттық жобаны асыру ережелері мен мерзімі Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2022 жылғы 17 қыркүйектегі № 965 бұйрығымен бекітілді.

Пилоттық жоба Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру, импортталатын тауарлардың көлемі бойынша көрсеткіштердің ашықтығын одан әрі іске асыру, мониторингтеу, салық төлеушілердің қаржылық және салықтық көрсеткіштерін жақсарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын әкімшілендіру бойынша қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында іске асырылады.

Пилоттық жобаның қатысушылары Қытай Халық Республикасынан және Түрік Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне Қазақстан Республикасының аумағына өткізетін тауарлар импортын жүзеге асыратын салық төлеушілер;

Пилоттық жобаның қатысушылары бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер:

  • Қытай Халық Республикасынан және Түрік Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына осындай тауарларды Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне Қазақстан Республикасының аумағына өткізетін тауарлар импортын жүзеге асыратындар;
  • Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын;
  • 1 (бір) ай үшін кемінде 10 (он) тауар партиясын (тауарларға арналған декларацияларды) жүзеге асыратындар;
  • электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесін пайдаланатын;
  • тиісті қызмет түрін жүзеге асыру үшін қызметкерлер штаты бар;
  • қызметті жүзеге асыру кезінде тауарларды тасымалдау, қоймалау, сақтау және өткізу үшін меншік және (немесе) жалға алу құқығында қажетті активтері бар;
  • қолма-қол есеп айырысумен өткізу кезінде бақылау-касса машиналарын пайдаланатын;
  • Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңнамасына сәйкес қаржы қаражатын аударуды жүзеге асыратын;
  • автоматтандырылған бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды жүзеге асыратындар;
  • бастапқы бухгалтерлік құжаттарды қамтитын (енгізу кезінде) бухгалтерлік және (немесе) салықтық есепке алуды жүргізуге арналған ақпараттық жүйелерге онлайн қолжетімділік беретін;
  • интернет-банкингті пайдаланушылар;
  • тауарлардың импорты кезінде тауарларға арналған декларацияда көрсетілгеннен төмен емес құны бойынша тауарларды өткізетін;
  • жөнелтуші елдің тауарларына декларациялары бар елдер;
  • осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен пилоттық жобаға қатысуға ниет білдірген және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығын әкімшілендіру жөніндегі пилоттық жобаға қатысу туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасқан адамдар болып табылады.

Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасының аумағына өткізетін тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын әкімшілендірудіру пилоттық жобаға қотысушыларына квалификационалды талаптарына сәйкес. 

Пилоттық жобаға қатысушылар "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 452-бабына және Салық кодексінің 136-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тәуекелдерді басқарудың салық жүйесіне сәйкес Келісімге қол қойылған күннен бастап тәуекелдерді басқарудың кедендік жүйесіндегі тәуекелдің төмен деңгейі санатына жатқызылуға жатады.

Пилоттық жобаны асыру мерзімі -2022 жылдың 1 қазанынан 2025 жылдың 31 желтоқсаны