Жарияланған күні: 08.11.2019 19:11
Өзгертілген күні: 08.11.2019 19:14

Қажымұкан атындағы спорттық кешенінде спорт ардагері Кұдайбергенов Серік Қожантайұлына және Қызылтаң ауылы боксының 33-жылдығына арналған бокстан облыстық ашық турнирі өтті.

Турнирге үш жүздей кіші жасөспірімдер және жасөспірімдер жас санаты бойынша облыс аймақтарынан келген балалар қатысты.

Жарыстар нәтижесінде бірінші орындар алған саны бойынша көкшетаулық боксышылар алда – олар оң алтын медаль алып отыр, екінші орында жеті алтын медаль алған Степногорск қаласының спортсмендері, ал үшінші орында бурабайшылар олар бес алтын медальге кол жеткізді.

Ақмола облысының бокс федерациясының атқарушы директоры Юрий Дергунов

атбасарлық Артем Федяевке «Жеңіске ұмтылыс үшін» жүлдені табыс етті,  «Ең техникасы жоғары боксшы» Щучинск қаласының боксышы Константин Сливин атанды оған жүлдені турнирдің  демеушілер бірі Қызылтаң ауылында бокс залын ашқан «Дархан-Аби» ЖШС директоры  Әнуар Исмағұлов табыс етті

     Облыстық Мемлекетттік кірістер органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Теңбай Ыбыраев балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бапкерге Әсет Жұмабаевқа «Дәстүрге адалдық үшін», сондай-ақ, бірінші орын алған  Қызылтаң мектебінің  сегізінші сынып оқушысы Адай Ақкөзовқа  бокс қолғаптарын табыс етті.

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қызылтаң мектебімен қарымқатынас жалғастыруда, осыған байланысты дәстүр бойынша тәрбиеленушілерімен маңызды сәттерде әрдайым бірге болуға тырысады.

Спортшылар мен бапкерлерге  іс-шараға қатысқаны үшін  алғыс білдіреміз -  дейді спорт ардагері Серік Кұдайбергенов –  Салауатты өмір салтының жастар арасында қалыптасуының маңызы өте зор. Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудын және нығайтудың негізгі, ол жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді. Біздің турнир дәстүрге айналады деп үміттенеміз.