Жарияланған күні: 31.01.2022 11:04
Өзгертілген күні: 31.01.2022 11:33

"Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңның 9 - бабына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің қаржылық тұрақтылығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі-қағидалар) айқындалады.

Қағидалардың 446, 447-тармақтарына сәйкес әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын веб-портал Мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде автоматты түрде айқындайды:

1) кірістер (айналым қаражаты);

2) төленген салықтар;

3) негізгі құралдар;

4) еңбекақы төлеу қоры.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №863 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 26 тамызда №24120 болып тіркелді, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы №648 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, Қағидалардың 447-3-тармағы: "әлеуетті өнім берушілер қосымша салық есептілігін табыс еткен және олардың қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеген жағдайда, Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту Мемлекеттік кірістер органдары енгізілген өзгерістердің дұрыстығын растағаннан кейін жүзеге асырылады", 2021 жылғы 7 қыркүйектен бастап заңды күшіне енген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 25 тамыздағы № 863 бұйрығымен Алып тасталды.

Осылайша, мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілер ұсынған қосымша салық есептілігі бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін жаңарту және олардың қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеу мүмкіндігі Алып тасталды.

Қағидалардың 447-2-тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда күнтізбелік жыл ішінде бір рет осы мәліметтер қолданылатын жылдың алдындағы 1 қазаннан кешіктірілмей жаңартылады.

Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің қаржылық орнықтылығының және (немесе) төленген салықтардың көрсеткіштері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін веб-порталда жаңартылады.

Квазимемлекеттік сектордағы мемлекеттік сатып алулар

Квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік сатып алуы да тұтастай алғанда мемлекеттік сатып алудың маңызды бөлігі болып табылады. Мемлекеттік сатып алудағы квазимемлекеттік секторға заңнаманың басқа салалардағы басқа кәсіпорындардағыдай талаптары қолданылады.

Осыған байланысты, 2022 жылдан бастап квазимемлекеттік сектордың әлеуетті өнім берушілерінің конкурстарына қатысу кезінде қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін енгізу жоспарлануда. Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін сатып алудың ақпараттық жүйесінің операторы болып "MITWORK"ЖШС айқындалды.