Жарияланған күні: 25.04.2025 19:52
Өзгертілген күні: 25.04.2025 19:53
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Оқу-әдістемелік орталығында «Magic may and English Day», атты ашық сабақ өткізілді, оған облыстың мемлекеттік органдарының қызметкерлері қатысты.
Интеллектуалды викториналар мен ағылшын тілінен тестілеудің қорытындысы бойынша Статистика департаменті мен Туризм басқармасы құрама
командасы бірінші, Мемлекеттік кірістер департаменті мен Тексеру комиссиясының құрама командасы  екінші және Ветеринариялық бақылау инспекциясының қызметкерлері үшінші орынға ие болды.
Оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Әсемгүл Қарсабаева бүгінгі таңда үш тілді білу – заманауи қоғамдағы табыс кепілі екенін атап өтті. 
Үштілділік – бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі.