Жарияланған күні: 08.09.2023 14:46
Өзгертілген күні: 08.09.2023 14:47
   Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде бірнеше еңбек әулетінің өкілдері аянбай еңбек етуде.
Мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Бағила Молдахметова салық жүйесінің құрылуына үлкен  үлес қосты. Экономика және заң мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар. Мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам еңбек өтілі бар. 
Бурабай ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары, Шортанды ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, «Бурабай» еркін экономикалық аймағының басшысы қызметтерін атқарды. 
Қаржы қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Салық комитеті төрағасының және Қаржы министрінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың Құрмет грамоталарымен марапатталған.
«Салық қызметінің үздігі», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальдарының иегері.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан сүбелі үлесі үшін Бағила Ахметқалиқызы «Қазақстан Республикасының министрлігі – 100 жыл» төсбелгісімен марапатталған.
Ұлы Сұңғат Әлмағанбетов С.Сейфуллин атындағы  Қазақ аграрлық университетін, «Фемида» заң академиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын  бітірген.
Алғашқы еңбек жолын  Целиноград ауданы бойынша салық басқармасының жетекші маманы болып бастады,  Астрахан ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары, Аршалы ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, Шортанды ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болған, қазіргі уақытта Зеренді ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып еңбек етуде.
«Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталған

-------------

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Теміржан Ширазов салық қызметінде 1990 жылы бас салық инспекторы қызметінен бастап, кейін Көкшетау облысы бойынша салық инспекциясы бастығының орынбасары болып тағайындалды.

Теміржан  Мүтиұлы қаржы және салық органдарында 38 жылдан астам жұмыс атқарды.

Салық қызметінің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрмет грамотасымен марапатталды.

Ұзақ уақыт облыстың Зеренді, Ақкөл аудандарында түрлі қызметтер атқарып, облыстың салық қызметін қалыптастыруға атсалысты.
Теміржан Мүтиұлының жолын жалғастырып қызы Қаламқас Ахметова   Ш.Уәлиханов Көкшетау мемлекеттік университетін және А.Мырзахметов атындағы университет бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша бітіріп Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 7 жылдан астам қызмет етіп келеді.

 

 

---------------------------------

Мемлекеттік кірістер органдарының ардагері Ақтоты Жүнісова қаржы жүйесіндегі еңбек жолын 1969 жылы 24 қаңтарда Көкшетау қалалық қаржы бөлімінің салық инспекторы болып бастады.
1980 жылы кадр бөлімін басқарып, 10 жылдан астам осы бөлімнің меңгерушісі қызметін атқарды.
1981 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
1990 жылы Ақтоты Жүнісқызы қызметке Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының салық инспекторы болып келіп, 2009 жылға дейін жұмыс істеді.
Жүнісова Ақтотаның қаржы саласында 36 жылдық тәжірибесі бар.
Анасының жолын қызы Сәуле Ибраева жалғастырды. 1992 жылдан бастап мектепті бітіргеннен кейін Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік салық инспекциясына келді.
Қазіргі уақытта Мемлекеттік кірістер департаментінің талдау және тәуекелдер бөлімінде жұмыс істейді.

 

----------------------------------------------       

Жаңылдық Сыздықова Бурабай ауданы бойынша салық басқармасында 25 жыл қызмет етті.
«Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасы Салық комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қазіргі таңда, зейнет демалысында болса да Жаңылдық Зарлыққызы қоғамдық-саяси жұмыстармен белсенді айналысуда  -  Бурабай аудандық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы және Бурабай аудандық қоғамдық кеңесінің төрайымы .
Ұлы Болат Зарлықов 22 жыл мемлекеттік қызметте, Бурабай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыру-құқықтық жұмыстарды есепке алу және талдау бөлімінің басшысы.
Ардагерлеріміздің айтуынша, өмірде  әр адамның басты міндеті– Отанды сүю, елінің патриоты және өз ісінің кәсіби маманы болу.

Отбасы – адам баласының өсіп – өнетін, қанат жайып түлеп ұшатын алтын ұясы.

Адамзат өмірдегі мейірімділік пен адалдық, адамгершілік пен тектілік  секілді асыл қасиеттерді бойына жинайтын жандар, оны ұрпақ санасында қалыптастыратын ардақты әкелер мен аяулы аналар. Сынақ үшін берілген қысқа ғұмырда жанұяларымызды құрметтеуге, сыйлауға, өнегелі етуге тиіспіз.

Өзінді өмірге келтірген, тіршілігіңе нар берген ата-анаңның алдында адамның парыз – міндеті өлшеусіз. Міне, сол ата-анаға сенің отбасыңның жарасым тауып отырғанын көргеннен артық бақыт жоқ. Ананың ақ сүтін, әкеңнің адал күшін ақтау – өз болашағында сақтау деген сөз.