Жарияланған күні: 29.01.2020 18:00
Өзгертілген күні: 29.01.2020 18:01

Кокшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің Көкшетау қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлерге жеке табыс салығы мен мүлкі бойынша декларациясын (230.00 нысаны) тапсыру бойынша түсіндірме семинар өткізді.

Шара барысында қойылған сұрақтарға қанағаттандырлықтай түсіндірме беріліп және  декларация толтыру жөнінде әдістемелік нұсқау берілді.

 Берілген семинар мекеме қызметкерлеріне берер пайдасы жетерлік, себебі  олар декларацияның жұмыс уақытында қызметтерін үзбей тәжірибеде толтыруын үйренді.

Кокшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының маманы Дана Әміржанованың айтуынша, - «Көрсетілген декларацияны ғаламторға кіру мүмкіндігі бар барлық компьютерден, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.  Декларацияны әдейі тапсырмау, толық емес немесе дұрыс емес мәліметті көрсету, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 274 бабында көзделген айыппұл салыну түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуға әкеліп соқтырады».

Осындай сыңды шаралар Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық басқармаларымен құқық қорғау және мемлекеттік органдарда жүргізілуде.