Жарияланған күні: 09.10.2025 17:23
Өзгертілген күні: 09.10.2025 17:24

   

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері «Адал азамат» білім беру бағдарламасын іске асыру мақсатында, оқушылардың қаржылық сауаттылық, салықтық мәдениет, адалдық пен азаматтық жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру  аясында

Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында мұғалімдер мен оқушылардың ата-аналарына дәріс өткізді.

        Кездесудің тақырыбы — «Отбасындағы қаржылық жауапкершілік аясында өз міндеттеріне саналы көзқарасты қалыптастыру».

  Байланыс орталыға және түсіндіру жұмыстар басқармасының басшысы Айнұр Елікбаева қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша түсіндірмелер берді:

▫️ салық мәдениеті және жауапкершілік;

▫️ жалпыға бірдей декларациялау;

▫️ жеке тұлғалардың банкроттығы.

         Дәріс бейнематериалдармен сүйемелденіп, оқушылар мен ата-аналарға қазіргі экономикалық үдерістерді жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

        Мұндай шаралар адал, еңбекқор әрі саналы азаматтарды тәрбиелеуге, сондай-ақ қаржыны сауатты басқаруды үйренуге ықпал етеді.