
«Мектепке жол» республикалық акцияның белсенді және тұрақты қатысушылардың қатарында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызмтекерлері де бар. Бұл жолы олар Көкшетау қаласы көптілді білім беретін мамандандырылған №3 гимназияның бірінші сынып оқушысына Раяна Ғазизге барлық қажетті киім, аяқ киім және кеңсе тауарларын сыйға тартты.
Осы игі іске ризашылығын білдірген Раянаны анасы Бибігүл Мешітбаева, - «Сіздердің ізгі көмегіңіз бізге өте қажет, Сізге шың көңілмен алғыс айтамын, қызметтеріне жоғары нәтижелер тілеймін. Болашақта қызымыз қаржы жүйесі кәсібін таңдап республикамыздың экономикалық мүддесін қорғаушы болады ниет білдіремін» - деп өз қуанышты жылы лебізін білдірді.
Ал Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымы, өз кезегінде оқушыға үздік оқу, мықты деңсаулық және барлық жақсылықтар тілейді! Білім әлеміне ақ жол саған Раяна!