Жарияланған күні: 26.08.2024 17:17
Өзгертілген күні: 26.08.2024 17:19

Қазақстанда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде, оны Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері дәстүрлі түрде қолдайды.

Шараның мақсаты - оқу жылы басталар алдында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету.

Акция аясында №6 мектеп-лицейінің бірінші сынып оқушысы Ростислав Давидовқа көмек көрсетілді, оған аяқ киім, спорт киімдері , кеңсе тауарлары,
сондай-ақ басқа да қажетті заттар сатып алынды.

Ростиславқа білімді игеру барысында табыс, сәттілік пен денсаулық, нағыз достық пен  қуаныш тілейміз! Ақ жол, Ростислав!