Жарияланған күні: 02.09.2025 18:06
Өзгертілген күні: 02.09.2025 18:30

Қазақстанда жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтуде, оны Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері дәстүрлі түрде қолдайды.

 

Шараның мақсаты - оқу жылы басталар алдында көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету.

 

Акция аясында Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдлулин  атындағы көпсалалы №3 мектеп-гимназияның бірінші сынып оқушысы көмек көрсетілді, оған рюкзак, аяқ киім, спорт киімдері, сондай-ақ басқа да қажетті заттар сатып алынды.

 

Оқушыға білімді игеру барысында табыс, сәттілік пен денсаулық, нағыз достық пен  қуаныш тілейміз! Ақ жол!