Жарияланған күні: 02.06.2020 11:52
Өзгертілген күні: 02.06.2020 11:53

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылдың 1 маусымынан бастап ресми Чат-бот іске қосылғанын хабарлайды.
Салықтық есептілік нысандары, бақылау-касса машинасы және салықтар бойынша пайдалы ақпаратты https://t.me/kgd_mf_rk_bot сілтемесі бойынша Телеграммнан алуға болады.
Алдағы уақытта Чат - бот тақырыптар бөлігінде жаңарып, дамып отырады.
Назар аударыңыз! Осыған дейін жұмыс жасаған https://t.me/KGDMFRK1414 телеграмм арнасы және WhatsApp +7 776 136 41 32 нөмірі 2020 жылдың 1 маусымнан бастап жұмыс істеуін тоқтатады.