
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті мемлекеттік органдар және халық арасында жеке тұлғалардын жалпы декларациялауы мен мүлікті жария ету науқаны тақырыбында кенінең түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осы тақырыптағы семинар мемлекеттік істер жөніндегі министрлігінің облыстық Департаментінде өткізілді.
2017 жылдын 1 қаңтарынан бастап жалпы декларациялау жүйесінін бірінші кезеңі бастау алады. Берілген кезеңде декларацияны жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар, депутаттар, соттар, мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары),жұмыскердің лауазымы Қазақстан Республикасының құқықтық актілеріне сәйкес әкімшілік персоналға жатса, жұмысы вахталық әдіспен жүзеге асырылмаса немесе жүріп-тұру сипатында болмаса, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның орналасқан жері республикалық, облыстық, аудандық маңызы бар қала болып табылса, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтің және ұлттық компанияның осы тармақшада көрсетілмеген жұмыскерлері;
Сонымен қатар, жалпы декларациялау қарсанындағы мүлікті және ақшалай қаражаттарды жария ету науқаны жалғасуда. Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Депаратемнтінің бас маманы Ельнар Қазбеков атап өткендей, - «Бүгінгі таңда мемлекет жалпы декларациялау қарсанында жария етуге қолайлы мүмкіндік тудырды. Акция уақыты осы жылдын аяғына дейін қана, сондықтан жария етіп үлгіру қажет»
Берілген бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Ақмола облысы бойынша МКД
баспасөз қызметі