
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңына енгізілген өзгерістер бойынша семинар өтті.
Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Абай Жаналинов и Қайрат Аманов қатысты.
Семинар қатысушыларын мемлекеттік қызметті өткеру, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс кестесін сақтауы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері туралы сұрақтар қызықтырды.
Барлық түскен сұрақтарға толық түсініктеме берілді.
Шараның соңында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтауы бойынша бейнеролик көрсетілді.