Жарияланған күні: 05.09.2018 14:50
Өзгертілген күні: 05.09.2018 14:52

      Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеген Байгулов Ақмола облысының мемлекеттік органдарының әдеп жөніндегі уәкілдерімен кездесу өтті.

       Шарада  Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшының орынбасары Елдос Саудабаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментінің басшысының орынбасары  Дархан Хайруллин, «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің фиалиалының басшысы Руслан Асылбеков және жергілікті атқарушы органдарының өкілдері.

Кездесу тегін диалог форматында өтті. Әдеп жөніндегі уәкілдер өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып және әдеп жөніндегі уәкілдердің институтын  одан әрі жетілдіру бойынша  әр түрлі мәселелер мен ұсыныстар талқылауға шығарды.

         Қоғамда этикалық құндылықтар және бұл процессте әдеп жөніндегі уәкілдерінің рөлі туралы бейнеролик көрсетілді.