Жарияланған күні: 04.06.2025 09:45
Өзгертілген күні: 04.06.2025 09:47

1992 жылғы 4 маусым – еліміздің тарихындағы маңызды күн. Бұл күні Қазақстанның тәуелсіздігі мен бірегейлігін бейнелейтін Мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Егемендіктің мызғымас негіздері – Ту, Елтаңба және Әнұран әлемге Қазақстан Республикасы деп аталатын мемлекетті таныстырды.

2007 жылы 4 маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды, ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік рәміздердің сипаттамасын және пайдаланылу тәртібін белгілейді.

Осы Заңға сәйкес Қазақстанда жыл сайын 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Мерекелеріңізбен!