Жарияланған күні: 04.06.2022 14:31
Өзгертілген күні: 04.06.2022 14:33

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қабыдауына 30 жыл толуына орай, облыстық жастар-ресурстық орталығы, полиция департаменті және «Жастар Ассамблеясымен» ұйымдастырылған «Velo-Jas 2022» облыстық вело-марафонға қатысты.

Вело-марафонның мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық туризмді дамыту, белсенді демалыс және денсаулықты нығайту, экологиялық таза қозғалыс құралы және жол қозғалысы қауіпсіздігі ретінде халықтың бос уақытын ұйымдастыру болып табылады.

Аталмыш велошеруге 100-ге жуық адам қатысып, олардың арасында кәсіби велосипедшілер мен велоспорт әуесқойлары да болды.